Абай Құнанбайұлы
1845 – 1904
Ұлы ақын, композитор, аудармашы әрі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Ол сонымен қатар халықты білімге, еңбекке және адамгершілікке шақырған «Қара сөздер» сияқты теңдессіз философиялық мұра қалдырды
Дәйексөздер (9)
- Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым, ойлап қой — бес асыл іс, көнсеңіз.
- Досы жоқпен сырлас, Досы көппен сыйлас; Қайғысыздан сақ бол, Қайғылыға жақ бол.
- Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де бір кірпіш, дүниеге Кетігін тап та, бар қалан!
- Қайрат пен ақыл жол табар Қашқанға да, қуғанға. Әділет, шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанға.
- Болмасаң да ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз.
- Әуелі біріне-бірі пәле іздейді. Не түсін, не ажарын, не өкпесін бұлдап, ол болмаса, бір пәле салып, қорғалатып, әйтеуір бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі. Мұның қай жерінен бірлік шықты?
- Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста, Сонда толық боларсың елден бөлек.
- Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба
- Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалай бітіргенінен емес