Дәйексөздер
Қазақ тіліндегі дәйексөздер мен мақал-мәтелдер — 50 жазба.
- Бұрын шын бар бүгін шын, Ертең шын бар үш бөлек. Керегі жоқ бұлардың, Бұзылмайтын шын керек.
- Өзің үшін өмір сүрсең — өлесің, халқың үшін өмір сүрсең — өшпейсің.
Автор белгісіз
- Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым, ойлап қой — бес асыл іс, көнсеңіз.
- Досы жоқпен сырлас, Досы көппен сыйлас; Қайғысыздан сақ бол, Қайғылыға жақ бол.
- Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де бір кірпіш, дүниеге Кетігін тап та, бар қалан!
- Қайрат пен ақыл жол табар Қашқанға да, қуғанға. Әділет, шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанға.
- Болмасаң да ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз.
- Әуелі біріне-бірі пәле іздейді. Не түсін, не ажарын, не өкпесін бұлдап, ол болмаса, бір пәле салып, қорғалатып, әйтеуір бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі. Мұның қай жерінен бірлік шықты?
- Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста, Сонда толық боларсың елден бөлек.
- Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба
- Тіл — адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі
- Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы — тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады
- Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.
- Махаббат пен сыйластық — отбасы бақытының қос қанаты
Автор неизвестен
- Азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың.
- Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалай бітіргенінен емес
- Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды
- Ерлік — табиғат сыйы емес, ол — саналы түрде өз парызын түсіну
- Отан үшін отқа түс — күймейсің
- Өз елін сыйламаған өзге елі де сыйламайды
- Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек
- Қорқақ өледі бір рет, батыр өледі бір рет — айырмасы сол.
- Өмірдегі ең үлкен жеңіс — өз нәпсіңді (өзіңді) жеңу.
- Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
Мақал-мәтелдер
- Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Мақал-мәтелдер
- Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы.
Мақал-мәтелдер
- Дос жылатып айтады, dұшпан күлдіріп айтады.
Мақал-мәтелдер
- Ағаш тамырымен мықты, адам достарымен мықты.
Мақал-мәтелдер
- Достың орны – төр, Дұшпанның орны – көр.
Мақал-мәтелдер
- Мыңның түсін танығанша, Бірдің атын біл.
Мақал-мәтелдер
- Жаман дос жауыңмен бірге шабады.
Мақал-мәтел
- Күлме досыңа, келер басыңа.
Мақал-мәтел
- Дұшпаныңнан бір сақтан, Жаман достан мың сақтан
Мақал-мәтел
- Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық.
Мақал-мәтел
- Көз – корқақ, қол – батыр.
Мақал-мәтелдер
- Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді.
Мақал-мәтелдер
- Судың да сұрауы бар.
Мақал-мәтелдер
- Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
Мақал-мәтелдер
- Тіпті тыныш отырғанша, тың жер жырт.
Мақал-мәтелдер
- Ерте тұрған еркектің бір ырысы артық.
Мақал-мәтелдер
- Бірлік бар жерде — тірлік бар.
Мақал-мәтелдер
- Әркімнің өз жері — жұмақ.
Мақал-мәтел
- Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
Мақал-мәтел
- Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Мақал-мәтел
- Отанды сүю — отбасынан басталады.
Мақал-мәтел
- Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің.
Мақал-мәтел
- Ауыл итінің құйрығы қайқы.
Мақал-мәтел
- Туған жердің ауасы да шипа. Туған жердің жуасы да тәтті.
Мақал-мәтел
- Тәні саудың жаны сау.
Мақал-мәтел
- Өтпейтін өмір жоқ, сынбайтын темір жоқ.
Мақал-мәтел